Сахнада туды қорлаған әнші Shiza үлкен фестивальге қатыса алмайды
Сахнада туды қорлаған әнші Shiza үлкен фестивальге қатыса алмайды
683
оқылды
Алматыда өткен концертте туды қорлап, көптің ашуын тудырған Shiza лақап атымен танылған әнші Асхат Жолшиев 11 маусымда өтетін музыкалық фестивальден шеттетілді. Мұндай шешімді фестиваль ұйымдастырушылары қабылдап отыр.
"Соңғы оқиғаға байланысты, Shiza Beu fest шарасына қатыстырылмайтын болды. Әрине, біз отандық музыканттарды әрқашан қолдаймыз. Дегенмен, назар аудармай өтуге болмайтын жайттар да бар", - деп мәлімдеді фестиваль ұйымдастырушылары.