Жамбыл облысында мектеп түлектері мінген кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды
Жамбыл облысында мектеп түлектері мінген кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды
384
оқылды
Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады. Полицейлер Тұрар Рысқұлов ауданында мектеп бітірушілер мінген кортеждің жол ережесін бұзғанын анықтады.
Жол патрульдік полиция тобының қызметкерлері «Toyota Land Cruiser Prado», «Audi 80», «BMW 735», «VAZ 210540» және екі «Toyota Camry» маркалы көліктердің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.