Марқұм кеше, 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткізілген еді, деп хабарлайды Pavlodarnews. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 48 жастағы тұрғын Павлодар қаласының №3 ауруханасының реанимациясына жатқызылған.
- Науқас 1974 жылы туған, - деп нақтылады ведомство. - Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Өкінішке қарай, пациентті құтқару мүмкін болмады.Осылайша, белгісіз сұйықтықтан уланған жеті адам қайтыс болды.