167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды – видео
167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды – видео
Фото: видеодан скриншот
Қазақстанда мал ұрлығына тыйым болмай тұр. Полицейлер 167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, – деп жазады Polisia.kz. ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде, Семейде ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топ ұсталды. Бұл топтың, сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысында алты мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Олар барлығы 167 бас малды ұрлаған. Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды. Олар ұрланған малды сойып, етін таныс қасапшыларға сатып отырған. Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. https://youtu.be/FYwF_afOkUE