Көпқабатты үйге құлаған кран иесіне айыппұл салынды
Көпқабатты үйге құлаған кран иесіне айыппұл салынды
Фото: yandex.kz
149
оқылды
Астанада «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешеніне құлаған кранға қатысты тексеру аяқталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті хабарлады. Биыл 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмысы кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырды. Оқыс оқиғаға байланысты «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады. Кран иесіне айыппұл салынды. Қауіпсіздік талабын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты.