Астанада 54 мыңнан астам жалған долларды таратқан қылмыстық топ сотталды
Астанада 54 мыңнан астам жалған долларды таратқан қылмыстық топ сотталды
Фото: saryarqanews.kz
147
оқылды
Астанада жалған ақша жасаған бір топ адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Елордада 54 850 жалған АҚШ долларын таратқан қылмыстық топ сотталды. Жасанды банкноттарды астанада валюта айырбастау пункті мен банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы таратқан. Сот үкімімен А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін жалған ақшаны қалай анықтауға болатыны туралы жазған болатынбыз.