Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектепті жөндеп жатыр

Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектепті жөндеп жатыр
Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектепті жөндеп жатыр

Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылында Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектеп жөнделуде. Сондай-ақ әдебиетшінің оқу сыныбы жабдықталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі сайты хабарлады. Бесінші қыркүйекте лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Бұл күні жаңартылған ғимараттың ашылуы да жоспарланып отыр. Мерейтой күніне орай конференциялар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.   AMP – Қазір ғимарат мемлекеттің қорғауында. Жөндеуге қаражат бөлінді. Біз нысанның алғашқы күйін сақтап, балаларға қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз. Ғалымның сыныбында оның туған-туыстарына жазған хаттары сақталатын болады. Суретшілер Ахмет Байтұрсыновтың 3D-портретін салады. Кіре берісте заманауи тақтайшалар орнатылып, кітапханадағы кітап сөрелері жаңартылады, – дейді Дана Әлиева.