152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізіледі - Ауыл шаруашылығы министрлігі
152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізіледі - Ауыл шаруашылығы министрлігі
© didar-gazeti.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесі шешілді.
"28 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, теміржолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр. Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады , – делінген хабарламада.
Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.