Доллар бағамы 6,29 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 6,29 теңгеге арзандады
© pixabay
283
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 6,29 теңгеге төмендеді.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,29 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 427,39 теңге. Ұлттық банктің 30 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,30 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,54 теңге, сатып алу – 429,19 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,29 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429,96 теңге.