Алдағы үш күнде Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
Алдағы үш күнде Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
© inform.kz
182
оқылды
"Қазгидромет" РМК 31 мамыр-2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Мамыр айының соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады – найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Алайда, 01 маусым күні Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді. 1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда", – делінген хабарламада.