Халықаралық жарыс жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай білім грантына ие болады
Халықаралық жарыс жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай білім грантына ие болады
elorda.info
Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.
"Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді", – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналында.
Бүгін білім және ғылым министрлігі дүниежүзілік гимназияда – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.