Өскеменде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам ауруханаға жеткізілді
Өскеменде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам ауруханаға жеткізілді
© vse42.ru
174
оқылды
Өскеменде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан бір адам зардап шегіп, 13 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.  Бүгін, яғни 30 мамырда Өскемен қаласының Набережная Славского көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы болған.
«Жарылыстан зардап шеккен 1989 жылғы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан 1-қабаттан 5-қабатқа дейінгі әйнектер сынып, оқиға болған пәтердегі және іргелес пәтердегі бөлмеаралық қабырғалар мен бірінші қабаттағы есіктер зақымдалды. ШҚО ТЖД қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялады. № 4 подъезден 17 адам өз бетінше шығып, 2 адам эвакуацияланды. № 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды», – делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында барлығы 25 төтенше қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Өрттің алдын алу үшін мына ережелерді сақтау қажет:
- тек жарамды электр құралдарын пайдалану; - іске қосылған электр құралдарын жанғыш заттар мен ағаш құрылымдарға жақын орналастырмау; - электр жарығын өшіру; - электр желісіне электр желісінің артық жүктелуін тудыратын электр энергиясының бірнеше қуатты тұтынушыларын (электр плитасы, электр камині, шәйнек және т. б.) бір мезгілде қосуға жол бермеу; - ашық от көздерін пайдаланбау; - өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.