Теміртауда баланы зорлаған ер адам соттың ғимаратында асылып қалды
Теміртауда баланы зорлаған ер адам соттың ғимаратында асылып қалды
© tengrinews.kz
292
оқылды
Теміртау қалалық сотының уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаменті.  Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін болған.
"Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге апару" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.