Алматы облысы Қаскелең қаласында клиентін өлтірді деген күдікпен 45 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 мамыр күні Қаскелеңде денесінде зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылған.
«29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мәйіті жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетіп, Қаскелең қаласының тұрғынын 1976 жылғы ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалғанын, соңында оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ведомствоның хабарламасында.