Атыраулық тұрғыннан қару-жарақ пен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленді
Атыраулық тұрғыннан қару-жарақ пен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленді
784
оқылды
Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 29 жастағы деструктивті діни ағым өкілін анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізу кезінде 9 мм МР-79 калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 патрон, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған мағлұматтар бар бес флеш карта мен 17 діни кітап тәркіленді. Күдікті ҚПК-нің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімімен ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.