Мемлекетке 300 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды
Мемлекетке 300 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды
255
оқылды
Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары жұмыстарды іс жүзінде орындамай, жалған шот-фактуралар жазған.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.
2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды» делінген хабарламада. Күдікті үйқамаққа алынды.