Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары жұмыстарды іс жүзінде орындамай, жалған шот-фактуралар жазған.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды» делінген хабарламада. Күдікті үйқамаққа алынды.