Хаменова мен Рысқалиевтің ісі сотқа жетті
Хаменова мен Рысқалиевтің ісі сотқа жетті
Фото: kznews.kz
228
оқылды
228
оқылды
Атырауда Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс сотқа жетті. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.    Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Б.Хаменова мен А.Рысқалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы») бойынша айып тағылуда. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты мәлімдеме жасады.