Атырауда Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс сотқа жетті. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Б.Хаменова мен А.Рысқалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы») бойынша айып тағылуда. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты мәлімдеме жасады.