Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы оның қандай жағдайда Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екенін айтты
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы оның қандай жағдайда Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екенін айтты
Фото: instagram: UGC
273
оқылды
Бас прокуратура Қытай елі өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартқанын хабарлады. Алайда бойжеткеннің қорғаушысы оның отанына оралуы мүмкін екенін айтты. 
«ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартты. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгеніне байланысты осындай шешім қабылданғаны айтылған», – деп хабарлады ведомство.
Қыздың қорғаушысы Сұңкар Нұрмағамбетов Facebook-тегі парақшасында Ақжарқынға белгілі бір жаза мерзімі белгіленсе, Қазақстанға оралуға мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Бұл ақпарат БАҚ-та 2021 жылы жарияланды. Қазіргі уақытта өзектілігі жойылды. Бұдан бұрын Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстан юрисдикциясына жіберу алгоритмі хабарланды. 1.Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды қайта қарау туралы шешім отанына жіберуге тікелей ықпал етеді. 2.ҚР Бас прокуратурасына жіберу туралы өтінімхат жолдау. Өтінімхатты мен 2016 жылы сәуірде жібердім. 3. ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің қытай жағымен жіберуді орындау бойынша өзара іс-әрекеті», – деп хабарлады ол.
Сонымен қатар қорғаушы биыл жазаны қайта қарауы мүмкін екенін айтты.