Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші мен екі бала қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші мен екі бала қаза тапты
© inbusiness.kz
Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Облыстық полиция департаменті.
Жол апаты 30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 445 шақырымында, Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында болған.
«Алакөл ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Mercedes-Benz G-class (Geländewagen) көлігі аударылып кеткен. Оқиға кезінде жол талғамайтын көлікте үш ересек адам мен төрт жас бала болған. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Зардап шеккен тағы төрт адам түрлі жарақатпен Сарқандағы ауруханаға жеткізілді», – делінген ПД хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып,  қажетті сараптамалар тағайындалды.
«2010 жылы туған 12 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал көлік жүргізушісі мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды. Барлығы Алакөл ауданының тұрғындары», – деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.