Ақтөбеде 4 жоғары оқу орнының ғимаратына «бомба қойылған»
Ақтөбеде 4 жоғары оқу орнының ғимаратына «бомба қойылған»
© volnovakha.city
184
оқылды
Ақтөбе облысы полиция департаментінің электронды поштасына жоғары оқу орындарының ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, хат бүгін сағат 12:30 шамасында жолданған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Олар барлық ғимаратты тінтіп шықты.
"М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде анонимді хабарламаның авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар басталды. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша іс қозғалды. Бұл бапта бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.