Келесі жылы маймыл шешегінен әлем бойынша 271 миллион адам көз жұмады: белгілі ғалым мәлімдеме жасады

Келесі жылы маймыл шешегінен әлем бойынша 271 миллион адам көз жұмады: белгілі ғалым мәлімдеме жасады

Желі қолданушылары маймыл шешегі ауруының таралу сценарийі жазылған құжатпен бөлісуде, оған сәйкес, келесі жылы ауру салдарынан әлем бойынша 271 миллион адам көз жұмады екен. Бұл жалған, – деп жазады Stopfake.kz Сайттың анықтауынша, таратылған құжат 2021 жылы "Ядролық қауіпті азайту бастамасы" (NTI) ұйымдары мен Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы өткізген оқу-жаттығулар туралы есептің бір беті.

"Маймыл шешегі ауруы туралы жазылғанына қарамастан, бұл сценарий толығымен ойдан шығарылған. Онда Бриния мен Арника сияқты ойдан шығарылған елдер мен оқиғалар жайлы айтылған. Зардап шеккендердің саны мен аурудың даму қарқыны да негізсіз және сценарийде тек симуляция шындыққа ұқсас болуы үшін көрсетілген. Дегенмен, қастандық теориясын жақтаушылар құжатты талқыға салды. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл маймыл шешек ауруы алдын ала жоспарланғанын дәлелдейді. Бұл теорияны Bloomberg порталы жоққа шығарды",- деп жазады Stopfake.kz.
Биофизика докторы және ядролық қауіпті азайту бастамасының вице-президенті Хайме Ясиф өткен жылғы оқу-жаттығулар толығымен ойдан шығарылған сценарий бойынша өткізілгенін және аурудың нақты өршуіне «дайындық» болмағанын айтты.
– NTI COVID-19 сияқты ықтимал пандемиялардың алдын алуға және оларға жақсы ден қоюға мүмкіндік беретін қажетті жақсартуларды талқылау үшін осы сценарийді ойлап тапты. Жаттығу мақсаттары үшін біз ойдан шығарылған сценариймен байланысты қоздырғышты таңдадық. Сондықтан басқаларының ішінен маймыл шешек ауруын таңдадық», – деді ол.
Демек, таратылған құжат аурудың нақты өршуінің сценарийі емес. Бұл ойдан шығарылған оқиғаларға негізделген оқу-жаттығулар туралы есептің бір беті ғана.