Петропавлда екі адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
Петропавлда екі адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
272
оқылды
Петропавлда жеңіл көлік жолаушылар жолағымен өтпек болған екі адамды соғып кетті. Желіде осы сәттің видеосы пайда болды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Петропавлдағы Қизатов көшесінің бойында болған. «Audi B3» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі «Volkswagen Passat» көлігімен соқтығысып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан жолаушылар жолағымен өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Зардап шеккендер аман, алайда оларға медициналық көмек қажет болды. Жедел жәрдем қызметі бірден қаладағы емдеу мекемесіне жеткізді. Диагноз қойылғаннан кейін жігіттердің бірі үйіне жіберілді, екінші ер адам ауруханаға жатқызылды.