Жеңілдетілген автонесие: қазақстандықтар қанша көлік сатып алды?
Жеңілдетілген автонесие: қазақстандықтар қанша көлік сатып алды?
Several new cars at dealership salon.
263
оқылды
Өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 974 автокөлік сатылған. 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш түскен.
"Оның ішінде 65,1 миллиард теңге болатын 8 795 өтініш расталды. Бүгінгі таңда 974 автокөлік берілді", - делінген қордың хабарламасында.
Қорда атап өтілгендей, автокөліктерді Қазақстанның қалалары мен облыстарының тұрғындары сатып алуда:
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 111,
  • Алматы қаласы – 201,
  • Шымкент қаласы – 108,
  • Ақмола облысы – 18,
  • Ақтөбе облысы – 35,
  • Алматы облысы – 7,
  • Атырау облысы – 26,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 92,
  • Жамбыл облысы – 54,
  • Батыс Қазақстан облысы – 34,
  • Қарағанды облысы – 81,
  • Қостанай облысы – 65,
  • Қызылорда облысы – 16,
  • Маңғыстау облысы – 29,
  • Павлодар облысы – 37,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14,
  • Түркістан облысы – 46.
Төлем қабілеттігін тексерумен және автокредитті мақұлдаумен екінші деңгейлі банктер айналысуда: "Еуразиялық банк" АҚ, Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Forte Bank" АҚ.