Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденовтың төрағалығымен "Қарасора-2022" іс-шарасының ресми ашылуы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Операцияны Ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусым мен 30 қазан аралығында жүргізеді. Оның міндеті – Қазақстан аумағындағы есірткінің шикізат базасын жою, есірткіні шетелден жеткізу арналарына тосқауыл қою, сондай-ақ, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерінің жолын кесу. Операцияны ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ІІМ және "Ғарыш Сапары" АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылған. ІІМ құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, сонымен қатар, есірткі құралдары мен жабайы өсетін сораның тізбесіне енгізілген өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.