Партия құрудың талабы жеңілдейді
Партия құрудың талабы жеңілдейді
195
оқылды
Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Тәжмағам­бетова мен Д.Әлімбаев, сондай-ақ Алматы облыстық мәс­лихатының депутаты С.Шеңгелбаев, аудандық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хат­шысы М.Бейсенов Балпық би ауылындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде ынталы топ рефе­рендумға қатысу әрбір азамат­тың парызы екенін, ол еліміздің болашағын айқындауға бағыт­талған іс-шара екенін түсіндірді. «Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсе­келестікті қалыптастырып, аза­­­маттардың ел дамуына атса­лы­суына үлкен мүмкіндік ту­ғыза­ды. Саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға дейін қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Әсіресе, жаңа партия құрудағы жеңіл­дік­тер халықтың саяси белсен­ді­лігін арттырады. Ал бұрындары партиялардың Парламентке өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының 7 пайыз үлесін жи­нау қажет болса, ол меже қазір 5 пайызға дейін түсті. Бұның барлығы алдағы уақытта саяси партияға бірігемін деген аза­маттар үшін, жаңа партия құра­мын деген азаматтар үшін де жа­салып жатқан оң өзгеріс­тер»,– дейді Мәжіліс депутаты М.Тәжмағамбетова. Мәжілісмен Д.Әлімбаевтың айтуынша, өзгерістер жаңа пар­тия­лардың құрылуына және қа­зіргі саяси ұйымдардың жаңа­ша форматта жұмыс іс­теуіне алып келетін болады. Сон­дай-ақ Президенттің жал­пы­­халықтық референдум жария­лауы түрлі кемшіліктерді алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін ше­шіп, халықтың әлеуметтік жа­ғынан осал топтарына тікелей көмектесуге жағдай жасайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беруі тиіс.