Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзектегі ауруханада жүкті әйел көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1988 жылғы әйел жүктіліктің 18-аптасында болған. 22 мамыр күні әйел Кербұлақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Барлық ем қолданылса да, нәтиже болмады. Дәрігерлер арнайы консилиум өткізді. Алайда науқас әйел көз жұмды. Әйел ауруханаға түскеннен кейін бір күн өткен соң, яғни, 23 мамыр күні түсік тастаған. Оның өліміне нақты не себеп болғаны арнайы сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.