Атырауда Ресейде тіркелген көліктің иесі 21 айыппұлды төлемеген
Атырауда Ресейде тіркелген көліктің иесі 21 айыппұлды төлемеген
Фото: azh.kz
Полицейлер Атырауда төленбеген 21 айыппұлы бар жүргізушінің көлігін арнаулы тұраққа қойды, – деп жазады Polisia.kz. Тәртіп сақшылары бір айда ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлы бар 130-дан астам автокөлікті анықтады. Автокөліктер жол ережесін сақтамай «Сергек» камерасына түскен. Атап айтқанда, 28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінде полицейлер Ресейде тіркеуде тұрған ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің 53 жастағы жүргізушісінің  324 695 теңге көлемінде төленбеген 21 айыппұлы бар екені анықталды. Оның көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабымен арнаулы тұраққа қойылды. Жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылды.