Еркін Үйсімбаев жаңа қызметке тағайындалды
Еркін Үйсімбаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: yandex.kz
527
оқылды
Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Еркін Үйсімбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Еркін Құлымбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-механик», Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін «құқықтану», ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. ​Еңбек жолын 1999 жылы «Сұлтан тегі импекс» ЖШС-да механизатор болып бастаған. Әр жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 2012-2013 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2013-2016 жылдары – Білім және ғылым министрлігінде департамент директорының орынбасары, Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары. 2016-2018 жылдары  – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары. 2018-2019 жылдары – Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық жаңғырту департаменті Жаңғырту бағдарламаларын үйлестіру басқармасының басшысы. 2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директорының орынбасары. 2020 жылғы мамырдан бастап бүгінге  дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етті. Еркін Үйсімбаев облыстың мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім, спорт, жастар, дін салалары бойынша жетекшілік етеді.