Тоқаев «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады

Тоқаев «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың «Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік іс-шараның қорытынды кезеңіне 1 000 бала қатысты. Ботаникалық бақта өткен қорытынды іс-шара ART SPACE  аймағы, «Кітаптар қазынасы» кітап көрмесі, ECO LAB  экологиялық аймағы, «Шахмат әлемі» аймағы,  ROBO LAND аймағы және «Жас өрендер» концерт алаңы сияқты алаңқайларға бөлінген.   Президент әрбір алаңқайдағы жеңімпаздардың өнерін тамашалап, олардың жетістіктеріне ризашылылығын білдірді. Мемлекет басшысы жасөспірімдермен әңгімелесу барысында оларды мерекемен құттықтап, балалар ел болашағы екенін айтты. Солардың бірі 11-сынып оқушысы Михаил Шут «Кітаптар қазынасы» көрмесінде «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқып берді.   Іс-шара соңында бір ай бойы әртүрлі жастағы жасөспірімдер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысқан «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.   Жалпы,  әдебиет, бейнелеу өнері, спорт, декоравтивті-қолданбалы өнер, эко-байқау, вокал мен хореография және IT салалары бойынша өткен фестивальде 300 мыңнан астам бала бақ сынаған.