Доллар 9,46 теңгеге қымбаттады
Доллар 9,46 теңгеге қымбаттады
© pixabay
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,46 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 424,62 теңге. Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы   1 долларға – 414,67 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 427,64 теңге, сатып алу – 433,13 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы  426,32 теңгеден болса, сатып алу құны – 430,32 теңге.