Өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған ер адамға қатысты тың дерек шықты
Өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған ер адамға қатысты тың дерек шықты
© tengrinews.kz
138
оқылды
Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 
"Нұрбол Кәрімов биыл 20 мамырдан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство Кәрімов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлады. 19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Кәрімовті әшкереледі. Оның заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды.