Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданындағы жетекші шаруашылықтардың бірі «Таң LTD» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен шарушылық жұмысымен танысқан халық қалаулылары еңбек ұжымына референдумның маңыздылығы сондай-ақ, еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндірді.
"Өңірдің барлық аудандарында болып, түрлі сала өкілдерімен кездесіп келеміз.тОлармен болған жүздесулерде көптеген мәселе көтеріліп жатыр. Соның ішінде әйел азаматтардың зейнет жасын қысқарту, жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу төңірегінде ұсыныстар айтылды. Президенттің референдум өткізудегі шешімі нағыз халық үніне құлақ асатын мемлекеттің басты ұстанымының көрінісі екенін білдіреді. Бұл референдум шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты", – деді республикалық штаб мүшесі Бақытбек Смағұл.
Құқық қорғау саласында елеулі өзгерістер енгізілмек.Соның ішінде Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, яғни омбудсмен мәртебесі Ата Заңмен айқындалады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалмақ, – деді депутат.