ШҚО-да жарты жыл бойы студенттен ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды
ШҚО-да жарты жыл бойы студенттен ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды
282
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында студенттен ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Өскеменнің екі тұрғыны былтыр қарашадан бері биылғы жылдың сәуіріне дейін 19 жастағы студенттен ақша бопсалағаны туралы шұғыл ақпарат келіп түскен. Тексеріс барысында аталған ақпарат расталған. Күдіктілер 19 және 22 жастағы екі азамат болып шыққан. Полиция қызметкерлері анықтағандай, жігіттердің бірі өз тобындағы студенттің шотында қаражат бар екенін біліп, жолдасына айтқан. Осылайша, олар заңға қайшы әрекет етуді көздеген. Ақырында ақшаның бір бөлігін ала алған. Осыдан кейін жәбірленуші олардан қорқып, жасырынуға мәжбүр болған. Ол оқуға және жұмысқа баруды доғарған, тіпті тұрғылықты мекенжайын ауыстыруына тура келген. Дегенмен күдіктілер оның ізіне түсуді жалғастыра берген. Жалпы алғанда қылмыстық әрекеттерден келген шығын көлемі 1,5 млн теңгені құраған.
"Олар кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражат алмақ болған кезде қолға түсті. Тінту кезінде олардың бірінен ұялы телефон, 44 мың теңге қолма-қол ақша және банк картасы тәркіленді", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.