Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді
3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай EXPO көрмесінің аумағында «Менің елім» мерекелік концерті өтеді.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырады. Концерттің басталу уақыты сағат 18.00. Барлық келушілер үшін кіру тегін.
Сахнада елімізге әйгілі жұлдыздар: Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, V$XV Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA өнер көрсетеді.
Сондай-ақ көрермендерді AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова және тағы басқа әншілер өз өнерлерімен қуантады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!