Семей орманында 160 гектар аумақ өртке оранды
Семей орманында 160 гектар аумақ өртке оранды
Семей орманындағы өрт сөндіріліп жатыр. Өрттің ауданы шамамен 160 гектар болады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-те «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан.
«Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 160 гектарды құрады. Қарағайлар өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 140 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына қосымша ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері аттанды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған.