Темекіні арзан бағада аламын деген студент 10 миллион теңгесінен айырылды
Темекіні арзан бағада аламын деген студент 10 миллион теңгесінен айырылды
Фото: kaz.orda.kz
197
оқылды
Семей қаласының тұрғыны көтерме саудамен электронды темекі аламын деп алаяққа 10 миллион теңге берген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті хабарлады. Полицияға қаладағы колледждің 19 жастағы студенті хабарласып, араша сұраған. Студенттің айтуынша, ол көтерме саудамен электронды темекі сатып алуға көмектесемін деген 26 жастағы танысына 10 миллион теңгеден астам қаражат бергенін айтқан. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ танысы хабар-ошарсыз кеткен. Полиция күдіктіні ұстады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін ішінара мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.