Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысы қашан аяқталады?
Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысы қашан аяқталады?
Фото: akorda.kz
207
оқылды
Президент Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысуымен аяқталды. Іс-шара барысында Түркияның TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан, холдингтің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Сани Шенер және Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жоба туралы мәлімет берді.    width= Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді. Мемлекет басшысы Алматы әуежайы еліміз үшін маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті. – Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есе артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы, барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент. Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.