Дәрігерлер қолын еттартқыш турап кеткен бір жасар баланы аман алып қалды
Дәрігерлер қолын еттартқыш турап кеткен бір жасар баланы аман алып қалды
Фото: ДСБ-нан алынды
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың қолы жұмыс істеп тұрған  еттартқышқа туралып кеткен. Дәрігерлер еттартқышқа туралып кеткен баланың қолындағы барлық тамырды жалғап, қалпына келтіріп, сәбиді аман алып қалды. «Талғар аудандық орталық ауруханасына оң қолын жұмыс істеп тұрған электр еттартқышқа турап алған бала түсті. Дәрігерлер шұғыл операция жасады. Науқас бала интенсивті терапия бөліміндегі палатада жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылайды», –  делінген ресми хабарламада. Бұған дейін ойнап жүріп, бетон плитаға қысылып қалған бала туралы жазған болатынбыз.