Алматылықтарға ескерту жарияланды
Алматылықтарға ескерту жарияланды
© atpress.kz
189
оқылды
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті. Ведомство туристерге және тауда серуендеу әуесқойларынан жақын күндері таулы аймақтарға шықпауды сұрады.
«2 маусымда Алматы тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда қатты жаңбыр, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап,  бұршақ жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді» деп ескертті Алматы қалалық ТЖД.
Төтеншеліктер тұрғындардан «112» сигналдарын, дабылдарды және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жіберілген қауіпсіздік хабарламаларына назар аударуды сұрады.