Балқашта әскери қызметкерге оқ атқан күдікті ұсталды
Балқашта әскери қызметкерге оқ атқан күдікті  ұсталды
© inbusiness.kz
519
оқылды
Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.