Павлодар облысында 7 адамның неден көз жұмғаны белгілі болды
Павлодар облысында 7 адамның неден көз жұмғаны белгілі болды
© azattyq-ruhy.kz

Ертісте жеті адам уланып өлген белгісіз сұйықтықты шаруа қожалығы бірінің аумағынан жеткізген. Аудан әкімінің айтуынша, белгісіз сұйықтықты ішіп көз жұмған жеті адамның барлығы жергілікті шаруа қожалықтарында уақытша еңбек еткен. Үстел басында пайда болған қауіпті сусынды да сол жұмыс орындарынан әкелген,  – деп хабарлады irbistv.kz

– Жапа шеккендердің барлығы жағдайы төмен отбасынан шыққандар. Көбісі ішімдікке әуес болған, барлығының үйі бар, дегенмен  көбі  үйленбеген. Отбасылары жоқ. Ұлы мен әкесі де әйелсіз тұрған, – деді  Ертіс ауданының әкімі  Аян Бейсекин.

Сұйықтықты шаруа қожалығы жұмыскерлерінің бірі әкелген. Аудан әкімінің айтуынша, онда ресми жұмыс істейтін 95 азық-түлік дүкені, 50-ден аса кәсіпкерде ішімдік сату лицензиясы бар. Суррогат алкоголь жасалуы мүмкін емес.

– Соңғы жылдары контрафакт өнім сатқандар анықталды, ол адамдар заң бойынша жауапқа тартылды. Биыл жүйелі бақылау аясында біз мұндай деректерді байқамадық. Бұған қатысты жұмыс күшейтілді, – деп мәлім етті аудан әкімі.

Айта кету керек, полицейлер жеті адамның өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сол отырыста болған сегізінші адам қауіпті сусынды ішпеген.