Болат Назарбаевтың ұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен неге кеткені белгілі болды
Болат Назарбаевтың ұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен неге кеткені белгілі болды
© vesti.ru
202
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаевтың қызметінен кетті деген ақпаратты растап, оның не себепті кеткенін айтты, –  деп жазады Orda.kz Антикор Orda.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп, Ербол Назарбаевтың антикор қатарынан кеткенін және оның Болат Назарбаевтың ұлы екенін растады.   Бөлімнің ұсынған мәліметі бойынша, Ербол Назарбаевтың қызметтен кетуі қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ.
«14 сәуірден бастап Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен өз еркімен кетті», – делінген агенттік аппаратының басшысы Арман Хасеновтың жауабында.
Ербол Назарбаев антикорға 2015 жылы келіп, онда жеті жылдай жұмыс істеген.