Ер адам әкесінің протезге деп жинаған ақшасын ұрлаған
Ер адам әкесінің протезге деп жинаған ақшасын ұрлаған
Фото: sputnik.kz
Ақмола облысының тұрғыны мүгедек әкесінің ақшасын ұрлаған, – деп жазады Polisia.kz. Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 600 мың теңгесін ұрлатып алған тұрғын арызданды. Ер адам протез сатып алуға жинаған ақшасын үйінде сақтаған. Тексеру нәтижесінде, ақшаны жәбірленушінің 54 жастағы жұмыссыз баласы ұрлағаны белгілі болды. Оны Бурабай ауданынан ұстады. Ол әкесінің қаражатын өз қажетіне жұмсағанын мойындады. Әкесі ұлын кешіріп, арызын қайтарып алды.