Қаржы пирамидасы: Оралда алаяқтар 12,6 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды
Қаржы пирамидасы: Оралда алаяқтар 12,6 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды
Фото: news.myseldon.com
БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, SENIMDI UI тұтыну кооперативі ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қомақты қаржы жымқырған. Олар 2021 жылдың тамыз айынан бастап адамдардан 12 млн 675 мың теңге жинаған. Қылмыстық кодекстің  217-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар былтыр наурыз айынан бастап криптовалюта үшін инвестициялық стартап жоба ретінде Relictum-pro қаржы пирамидасы ұйымдастырылған. Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Зардап шеккен тұрғындар БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне +7 (7112) 53-84-27 телефоны арқылы хабарласа алады. Бұған дейін қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер туралы жазған болатынбыз.