Референдум – 2022: Қазақстанға Ислам ынтымақтастық ұйымының байқаушылары келді
Референдум – 2022: Қазақстанға Ислам ынтымақтастық ұйымының байқаушылары келді
Фото: helection.gov.kz
142
оқылды
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ислам ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар делегациясының басшысымен кездесті. Бүгін Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының басшысы Фейсал Мұхаммед әл-Шарабимен кездесті.    width= Кездесуге ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина, ИЫҰ хатшылығының сайлау бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар, сондай-ақ ИЫҰ хатшылығының қызметкерлері Аль-Хадж Идрис Аннур мен Мохаммед Элиас қатысты. Константин Петров Нұр-Сұлтан қаласына келген ИЫҰ байқаушылар делегациясының басшысы мен мүшелеріне ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды. Өз кезегінде делегация басшысы Фейсал Мохаммед әл-Шараби мырза қазақстандық тарапқа  алғыс білдіріп, Миссия мүшелерін таныстырды, сондай-ақ делегация Орталық референдум комиссиясына референдумды байқау қорытындылары бойынша есеп  береді. ИЫҰ-дан байқаушылар делегациясының құрамына Сауд Арабиясы, Ирак, Чад және Бангладеш Халық Республикаларының атынан өкілдік ететін 4 байқаушы кірді.