2%-тік ипотека: "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
2%-тік ипотека: "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
388
оқылды
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайызбен ипотекаға өтінімдер 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды Krisha.kz сайты. Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 20 жыл мерзімге 2 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна 10 пайыз болады. Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрған мына азаматтар қатыса алады:
  • көпбалалы отбасы;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).
Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін болады.