«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайызбен ипотекаға өтінімдер 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды Krisha.kz сайты. Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 20 жыл мерзімге 2 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна 10 пайыз болады. Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрған мына азаматтар қатыса алады:
- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).