Ақтөбеде 9 жастағы бала ескі элеватор ішіне құлап кеткен

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Ақтөбеде элеваторда ойнап жүрген бала 10 метр биіктен құлады.

diapazon.kz басылымның мәліметінше, 30 мамырда түнгі 00:00 шамасында полицияға Жанқожа батыр көшесіндегі тұрғын үй ауласынан 9 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер баланы көшедегі қараусыз қалған ескі ғимаратта ес-түссіз жатқан жерінде тапқан.

«Полиция қызметкерлері кешенді іздестіру шараларын жүргізіп, баланың болуы мүмкін жерлерді қарап шықты. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары элеватор ғимаратын тексеріп, тереңдігі 10 метр болатын резервуардан тапты. Жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Кәмелетке толмаған бала балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ақтөбе облысы ПД ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға құрылыс алаңдары мен қараусыз қалған ғимараттар аумағында жүрудің ережесін үйрету керек. Ата-аналар балаларының қай уақытта, қай жерде жүргенін бақылауы қажет», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.